Загрузка...
Вниз

Нұсқаулық

Байсеитов Гани Нуралиевич

Бас директоры

Полковник, запастағы офицер. Техникалық ғылымдар докторы, РӘҒА профессоры.

Білімі:

  • Омбы ұшу-техникалық училищесі, 1991 ж.
  • РФ ҚК Әскери-әуе академиясы (Мәскеу қ.), 2002 ж.
  • Бөкетов ат. ҚарМУ, 2012 ж.
  • Әскери байланыс академиясындағы Докторантура (Санкт-Петербург қ.), 2018 ж.
  • РФ Президенті жанындағы РМҚА Мәскеу мемлекеттік және муниципалдық басқару академиясында кәсіби қайта даярлау, 2002 ж.

Еңбек қызметі:

  • 1995 – 2000 жж. ҚР ҚК ӘӘК бөлімдерінде топ бастығынан штаб бастығына дейін - байланыс торабы және авиациялық базаның РТҚ бастығының орынбасары болды.
  • 2000 - 2002 ж. РФ ҚК Әскери академиясының тыңдаушысы.
  • 2002 - 2013 ж. – Әскери бөлім командирі.
  • 2013 – 2014 ж. – Тұңғыш Президент-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери және мемлекеттік басқару факультетінің стратегия кафедрасының профессоры.
  • 2014 – 2015 жж. – ҚР ҚК ӘҚК БҚБ Бас штабының байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету әскерлері басқармасында байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету жөніндегі бас штаб бастығының орынбасары.
  • 2018 – 2019 ж. - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери ғылыми-зерттеу орталығындағы қару-жарақ және әскери техника ғылыми-зерттеу институтының бастығы.
  • 2019 - 2020 ж. - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бас ғылыми қызметкері.
  • 2020 жылдың тамыз айынан бастап «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі бойынша «Қазақстан инжиниринг» R&D орталығы» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды.

Халықаралық және отандық журналдарда 60-тан астам ғылыми жарияланымдар мен мақалалар.