Загрузка...
Вниз

Қызметі

Қызметтер

Мемлекеттің қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігі саласындағы зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер

Қызметтеріміздің пайдаланушылары: 

Қорғаныс министрлігі; ҰҚК Шекара қызметі; Мемлекеттік күзет қызметі; Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы; Төтенше жағдайлар министрлігі; қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары. Мына кәсіпорындар үшін әскери стандарттар әзірленді: «Семей инжиниринг» АҚ, «Тыныс» АҚ, «ПЗТМ» АҚ, «Steel manufacturing» ЖШС, «Қазақстан Aselsan инжиниринг» ЖШС және басқалар.

ҚР Қорғаныс министрлігінің қажеттіліктері үшін қару-жарақ, әскери және арнайы техника объектілеріне сараптамалық қорытындылар дайындалды. Қарудың, әскери және арнайы техниканың жаңадан келіп түскен және жаңғыртылған түрлеріне сараптама жүргізілді.


  1. Мемлекеттің қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігі саласындағы зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер, оның ішінде әскери және азаматтық ұлттық стандарттарды, техникалық регламенттерді және ӘК, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, ҚӨК кәсіпорындарының қажеттіліктері үшін өзге де нормативтік құжаттарды әзірлеу, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы саясатты іске асыруға қатысу;
  2. Қару-жарақ пен техниканы құру және жетілдіру, ӘК-де, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда ақпараттық технологияларды дамыту, оның ішінде ғылыми-техникалық сараптама жүргізу бойынша зерттеулер мен эксперименттік инновациялық әзірлемелер;
  3. Қорғанысты және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өнімді жаңғырту және/немесе жасау, оның ішінде қос мақсаттағы өнімді жасау бойынша зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, оның ішінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға ғылыми-техникалық сүйемелдеу және авторлық қадағалау жүргізу;
  4. Ғылыми қызмет субъектілері жүзеге асыратын индустрияны дамытуға бағытталған қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы қолданбалы зерттеулер.

Инженерлік-техникалық қызметтер

  1. КҚБЖ және ТҚБЖ сәйкес бұйымға конструкторлық-технологиялық құжаттаманы әзірлеу. Әзірлеудің толық циклі:
    • жобалық конструкторлық құжаттама (техникалық ұсыныс, эскиздік жоба, техникалық жоба);
    • жұмыс конструкторлық құжаттамасы (бұйымға арналған сызбалар және пайдалану құжаттамасы)
    • технологиялық құжаттама (технологиялық нұсқаулықтар, маршруттық карталар және т. б.);
  2. Реверс-инжиниринг (физикалық үлгі бойынша бұйымдарды 3D-үлгілеу);
  3. Тәжірибелі үлгіні дайындау:
    • әзірленген конструкторлық-технологиялық құжаттама бойынша прототипті жылдам құрастыру;
    • толымдаушыларды таңдау немесе дайындау;
    • функционалдық тексерулер мен сынақтар жүргізу;
    • сериялық өндіріске дайындау (қажет болса);
  4. Кез-келген күрделіліктегі бұйымдардың макеттерін жасау.