Орталық туралы
Заманауи қорғаныс пен өнеркәсіпке арналған озық әзірлемелер
«Қазақстан инжиниринг» Research&Development орталығы» ЖШС қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің отандық ғылыми-өндірістік кәсіпорны болып табылады.
«Қазақстан инжиниринг» R&D орталығы» ЖШС қызметі қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы отандық ғылымды дамытуға, мемлекеттің әскери қауіпсіздігі мүддесінде әскери және қос мақсаттағы өнімдердің қолда бар түрлерін жаңғыртуды және игеруді ғылыми-техникалық қамтамасыз етуге, идеяларды өнеркәсіптік сериялық өндіріске жеткізу мақсатында жаңалық табушылар үшін жобаларды қолдау мен сүйемелдеуге бағытталған.
Өндіріс
Өнім
«Қазақстан инжиниринг» Research&Development орталығы» ЖШС қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің отандық ғылыми-өндірістік кәсіпорны болып табылады.
Қызметтер
Қызметтің негізгі бағыттары
- Мемлекеттің қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігі саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер
- Мемлекеттің қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігі саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер, оның ішінде әскери және азаматтық стандарттарды, техникалық регламенттерді және ӘК, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, ҚӨК кәсіпорындарының қажеттіліктері үшін өзге де нормативтік құжаттарды әзірлеу, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы саясатты іске асыруға қатысу.
- Зерттеулер және эксперименттік инновациялық әзірлемелер
- Қару-жарақ пен техниканы құру және жетілдіру, ӘК-де, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда ақпараттық технологияларды дамыту, оның ішінде ғылыми-техникалық сараптама жүргізу бойынша зерттеулер мен эксперименттік инновациялық әзірлемелер.
- Өнімді жаңғырту және/немесе жасау бойынша зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар
- Қорғанысты және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өнімді жаңғырту және/немесе жасау, оның ішінде қос мақсаттағы өнімді жасау бойынша зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, оның ішінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға ғылыми-техникалық сүйемелдеу және авторлық қадағалау жүргізу.
- Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы қолданбалы зерттеулер
- Ғылыми қызмет субъектілері жүзеге асыратын индустрияны дамытуға бағытталған қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы қолданбалы зерттеулер. Сондай-ақ ұлттық әскери стандарттарды, нормативтік-техникалық құжаттаманы және т. б. әзірлеу.
Ынтымақтастық
Серіктестер
«Қазақстан инжиниринг» Research&Development орталығы» ЖШС ҰҰА технологияларын әзірлеу бойынша нарықтағы жетекші компаниялармен жұмыс істейді