Орталық туралы
«Қазақстан инжиниринг» R&D орталығы
Мемлекеттің қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігі саласындағы зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер
R&D орталығының қызметі қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы отандық ғылымды дамытуға, мемлекеттің әскери қауіпсіздігі мүддесінде әскери және қос мақсаттағы өнімдердің қолда бар түрлерін жаңғыртуды және жаңа түрлерін игеруді ғылыми-техникалық қамтамасыз етуге бағытталған.
Отандық инновациялық шешімдер негізінде ақпараттық технологияларды әзірлеу және енгізу және идеяларды өнеркәсіптік сериялық өндіріске жеткізу мақсатында жаңалық табушылар үшін қызметтердің толық спектрін ұсыну, жобаларды қолдау және сүйемелдеу.
R&D орталық қызметінің негізгі бағыттары:
- Ғылыми-зерттеу орталықтары;
- 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мүддесі үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарының, қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының мүддесі үшін 50-ден астам ҒЗЖ өткізілді.
- Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар;
- ҚӘТ бойынша ТКЖ 10-нан астам жобасы жүзеге асырылды.
- Полигондарда техниканы сынау өткізілді;
- Ұлттық әскери стандарттар мен басқа НҚҚ әзірлеу;
- 2015 жылдан бастап ҚӨК кәсіпорындары, Қарулы Күштер, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдары мүддесінде ұлттық әскери стандарттарды әзірлеу жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасындағы әскери ұлттық стандарттардың жалпы санының шамамен 70%-ы әзірленді.
- Ғылыми-техникалық сараптама жүргізу;
- 2016 жылдан бастап ҚӨК кәсіпорындарының, Қарулы күштердің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мүддесі үшін қару-жараққа, әскери және арнайы техникаға тәуелсіз сараптама жүргізеді.
- Ақпараттық технологиялар саласындағы әзірлемелер;
- Инновациялық коммерциялық жобаларды іске асыру үшін қаржыландыру тарту;
- Жаңалық табушылар үшін толық сервисті ұсыну.



